Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 01.07.2003 жылғы №446-II заңға сәйкес, жүргізуші куәлігі және техникалық төлқұжат сияқты басқа да құжаттармен бірге әрбір көлік иеленушісінде автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі де (АҚЖМС) болуы тиіс. Бұл полис сіздің қатысуыңызбен болған жағдайда сіздің кінәңіз дәлелденген кезде, сізге ЖКО-нан зардап шеккен адамға келтірілген зиянды сақтандыру компаниясының есебінен өтеуге мүмкіндік береді. ҚР әкімшілік кодексінің 470 бабына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осындай бұзушылықтарды болдырмау және айыппұлдар төлемеу үшін сіз Қазақстандағы түрлі сақтандыру компанияларының талаптарын салыстыра отырып, promarket.kz АҚЖМС полисына тапсырыс бере аласыз.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - бұл әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің есебінен медициналық көмек көрсету бойынша шаралар кешені. 2015 жылы 16-шы қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев заңға қол қойды, ал 2017 жылы 1-ші шілдеде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы төлемдер түсті. Бұл қор аударымдар мен жарналарды шоғырландыратын, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін компаниялар көрсететін қызметтерді сатып алуды және ақы төлеуді іске асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Осы заңға сәйкес мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына ел бойынша орташа айлық жалақының 7%-ын, жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлер үшін еңбек төлемі қорынан - 5%, жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздері үшін табысынан – тиісінше 2 және 7% төлейді.
Жаңа заңда медициналық сақтандырудың үш деңгейі көзделген: міндетті, базалық, міндетті қосымша және ерікті.
Халық үшін мемлекет кепілдік берген міндетті базалық пакет немесе медициналық көмек тегін және оған мынадай көрсетілетін қызметтер кіреді: жедел жәрдем, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі медициналық көмек және шұғыл жағдайларда алдын ала егу.
Міндетті қосымша сақтандыру пакеті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорынан ұсынылады және оған базалыққа енбеген көмек түрлері кіреді: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды қоспағанда), стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және медбике күтімі, сондай-ақ жоғары технологиялы көмек. Ерікті медициналық сақтандыруды жеке сақтандыру компаниясымен шарт жасасу арқылы алуға болады. Жуық арада Promarket.kz тиісті бөлім қосылады, сол кезде сіз түрлі сақтандыру компанияларының ерікті медициналық сақтандыру жөніндегі шарттарын салыстыра аласыз.
КАСКО – бұл өз көлігіңізді болмашы сызаттардан бастап айдап әкетуге дейінгі тәуекелдердің барлық түрлерінен сақтандыру. Егер Сіз ЖКО-на тап болсаңыз, сіздің көлігіңізді бұзақылар бүлдірген немесе айдап әкеткен болса, сақтандыру компаниясы көлікті жөндеуге ақы, не жаңа көлік алу үшін өтем төлейді.
КАСКО сақтандыру полисы ЖКО-нан, көлікті айдап әкетуден, көліктің бөлшектерінің ұрлануынан, көлігіңізге ағаштың немесе басқа заттардың құлауынан зардап шеккен, жолдан жүгіріп өткен жануарлардан, өрттен немесе табиғи апаттардан зақымданған жағдайда сақтандыру компаниясынан ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Promarket.kz сіз үшін бағасы және басқа да шарттары өте тиімді болатын КАСКО сақтандыру полисын оңай және жылдам таңдауға болады.
Жылжымайтын мүлікті сақтандыру – бұл сіздің меншігіңіз үшін түрлі тәуекелдерден қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сенімді тәсілі. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру полисының болуы онда көзделген оқиғалар жағдайында келтірілген зиян үшін өтем алуға кепілдік береді. Қазақстанда жылжымайтын мүлікті мынадай қатерлерден сақтандыру қолданылады:
Promarket.kz сіз жылжымайтын мүлкіңізді сақтандыру шарттарын салыстырып және өте тиімді ұсынысты таңдай аласыз.
Шетелге шығуға арналған сақтандыру полисы көпшілік елдерде виза алу үшін міндетті құжатқа айналды. Бұл құжат саяхат кезінде сіздің қорғанысыңыздың кепілі болып табылады. Басқа елге шығар алдында виза үшін сақтандыру полисын ресімдеу арқылы, жазатайым оқиға орын алған немесе сырқаттанып қалған жағдайда сізге шетелдік дәрігерлер медициналық көмек көрсетуі үшін, сіз өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтандырасыз.
Саяхатқа арналған сақтандыру полисы мынадай жағдайлар үшін әрекет етеді:
Promarket.kz сізге шетелге шығу үшін ең қолайлы сақтандыру полисын таңдауға және есептеуге мүмкіндік береді. Саяхаттан ләззәт алыңыздар!